АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігі төмендегіні хабарлайды.


Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін  психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау қызметі  қызмет атқаруда.


1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау  мүмкіндігі бар.


Психологиялық көмек көрсету және консультация беру Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.


Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады.

Қосылу Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411 


Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау қызметін пайдаланушы нұсқаулығы (Skype бағдарламасына арналған)

 

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет түрлері


Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Қазіргі таңда медициналық көмек көрсету қолжетімді, уақтылы, халыққа қызмет ететін бірыңғай дамыған негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.


Сонымен қатар ауыл тұрғындары кез келген медициналық көмекке дер кезінде қол жеткізе алады. Осыған орай, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №272 қаулысы негізінде «Жәнібек аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК 2015 жылдың сәуірінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау түрлері бойынша мынадай қызметтер көрсетілетінін қаперлеріңізге салады.


Ол қызмет түрлері: дәрігерді үйге шақыру, оның қабылдауына жазылу, Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігі) жане ағзаларды транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық ету қағидаларын бекіті туралы, туберкулез диспансерінен анықтама беру, наркология диспансерінен анықтама беру, психоневрологиялық диспансерден анықтама беру, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру. Әрбір адам аталмыш қызмет түрлерін кез келген уақытта пайдалана алады. Толығырақ ақпаратты Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. сайтынан да алуға болады. 

С.ИСМАҒҰЛОВА,
аудандық орталық аурухана директорының орынбасары.

 

ШЖҚ «Жәнібек аудандық орталық ауруханасындағы» МКК-дағы емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметі,  ішкі аудит қызметі


Медициналық көмектің сапасын жақсарту мен емделушілердің қауіпсіздігі үшін 
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 58-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық медициналық мекемелерінде емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметі құрылды.


2015 жылы 16-шы ақпанда және 2016 жылы 11-ші қаңтарда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  Министрімен бекітілген  «Қазақстан республикасының медициналық мекемелерінде 
емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметін құру туралы»  жыл сайын медициналық қызметтер сапасына сараптама өткізумен ұйымдастыру Жол картасы жетілдіріледі.


Емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметінің функциясына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылуы анықтау жатады.


Сіз емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқылысыз егер:

  • Медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмай қалса;
  • Медициналық қызметкерлері  өрескел қылық көрсеткен болса;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді көрсету үшін ақша талап ету факттарымен кездескен болсаңыз;
  • Медициналық қызметтерді көрстеу тәртібімен байланысты мәселе туындаса.

Сіздің кез келген жүгінуіңіз арнайы құрылған комиссия принциптеріне сай қаралады.


Осы қызмет мамандары Сізге азаматтарды Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекпен қамтамасыз ету; дәрі-дәрмекке берілген жеңілдіктер; медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасы; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде шараларды енгізу және іске асыру туралы ақпарат және денсаулық сақтау бойынша сұрақтарыңыз бойынша консультация береді. Емделушілердің құқықтарымен жеке денсаулығыне жауапкершілік туралы ақпарат ұсынады.

Жәнібек аудандық орталық ауруханасының емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметінің құрамы:

  • Директордың медициналық мәселелері жөніндегі  орынбасары: Б.С.Ихсанов – тел.21-5-68.
  • БМСК бойынша  жауапты : Б.С.Ихсанов – тел.21-5-68.
  • Дәрігер сарапшы : Г.П.Погульская

Емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметіне жүгінудің Сіз үшін ыңғайлы басқада амалдарын ұсынамыз:


Аурухана ғимаратында стационар бөлімшелерінде; тіркеу орнының қасында; емханаға кіре берісте 1-ші қабатта орналасқан «Ұсыныстар мен шағымдар жәшігіне» толық аты жөніңізді көрсетіп жазбаша түрде өтініш жазып салып кетуіңізге болады.


Біздің аурухана сайтында өзіңіздің өтінішіңізді қалдырып кетуңізге болады.(crbjanibek)


Жәнібек аудандық орталық ауруханасының сенім телефонына – 21581 ге қоңырау шалуңызға болады, Сізге жауапты қызметкерлер жауап береді.


Біріңғай өңірлік саll-центрге 240006-ға қоңырау шалуңызға болады, Сізге облыстық деңгейдегі қызметкерлер жауап береді.


Емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жауап береді.


Біз Сіздің өтініштеріңізді күтеміз,  Сіздің өтініштеріңіз медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі.