2016 жылы ардагерлер үйінде 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында  аудан әкімдігі, медицина қызметкерлері мен ардагерлер үйі зейнеткерлерге арнап «Арадерлерді ардақтайық» атты шара ұйымдастырды. Шараны аудан әкімі М.Муқаев сөз бастап ашты. Ардагерлерлер аурухана басшысы С.Исмагуловаға сұрақтарын қойып, өз ұсыныстары мен ойларын айтты. Аурухана дәрігер кардиологы ардагерлердің қан қысымын өлшеп, ЭКГ аппаратына түсіріп, кеңестерін берді. Дәрігерге дейін қарау кабинетінің фельдшері Қ.Хасенов көрсеткіштері бойынша қан құрамын тексерді. Ал аурухананың салауатты өмі салтын қалыптастыру дәрігері А.Аккойшина салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану жөнінде  мәліметтер беріп, ақпараттық білім беру материалдарын таратып, ардагерлердің сұрақтарына жауап берді. Шара соңында ардагерлер аудан әкімі, аурухана басшысы мен медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтты және осындай шаралар ай сайын қайталанып тұратындығына, ауданда  жуырда ашылған ат ипподромына  ардагерлердің де келіп атқа мініп сауықтандырылуларына келісісті.