ШЖҚ «Жәнібек аудандық орталық ауруханасындағы» МКК-дағы емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметі,

ішкі аудит қызметі

 

Медициналық көмектің сапасын жақсарту мен емделушілердің қауіпсіздігі үшін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 58-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық медициналық мекемелерінде емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметі құрылды.

2015 жылы 16-шы ақпанда және 2016 жылы 11-ші қаңтарда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  Министрімен бекітілген  «Қазақстан республикасының медициналық мекемелерінде емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметін құру туралы»  жыл сайын медициналық қызметтер сапасына сараптама өткізумен ұйымдастыру Жол картасы жетілдіріледі.

Емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметінің функциясына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылуы анықтау жатады.

 

Сіз емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқылысыз егер:

·         Медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмай қалса;

·         Медициналық қызметкерлері  өрескел қылық көрсеткен болса;

·         Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді көрсету үшін ақша талап ету факттарымен кездескен болсаңыз;

·         Медициналық қызметтерді көрстеу тәртібімен байланысты мәселе туындаса.

 

Сіздің кез келген жүгінуіңіз арнайы құрылған комиссия принциптеріне сай қаралады.

Осы қызмет мамандары Сізге азаматтарды Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекпен қамтамасыз ету; дәрі-дәрмекке берілген жеңілдіктер; медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасы; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде шараларды енгізу және іске асыру туралы ақпарат және денсаулық сақтау бойынша сұрақтарыңыз бойынша консультация береді. Емделушілердің құқықтарымен жеке денсаулығыне жауапкершілік туралы ақпарат ұсынады.

 

Жәнібек аудандық орталық ауруханасының емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі  бақылау қызметінің құрамы:

 

  • Директордың медициналық мәселелері жөніндегі орынбасары:                                        А.С.Ибраимов  – тел.21-5-68.
  • БМСК бойынша жауапты : А.С.Ибраимов – тел.21-5-68.
  • Дәрігер сарапшы : Г.П.Погульская

 

Емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметіне жүгінудің Сіз үшін ыңғайлы басқада амалдарын ұсынамыз:

Аурухана ғимаратында стационар бөлімшелерінде; тіркеу орнының қасында; емханаға кіре берісте 1-ші қабатта орналасқан «Ұсыныстар мен шағымдар жәшігіне» толық аты жөніңізді көрсетіп жазбаша түрде өтініш жазып салып кетуіңізге болады.

 Біздің аурухана сайтында өзіңіздің өтінішіңізді қалдырып кетуңізге болады.(crbjanibek.kz)

Жәнібек аудандық орталық ауруханасының сенім телефонына – 21581 ге қоңырау шалуңызға болады, Сізге жауапты қызметкерлер жауап береді.

Біріңғай өңірлік саll-центрге 240006-ға қоңырау шалуңызға болады, Сізге облыстық деңгейдегі қызметкерлер жауап береді.

Емделушілерге қолдау көрсету мен ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жауап береді.

Біз Сіздің өтініштеріңізді күтеміз,  Сіздің өтініштеріңіз медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі.