Жаңалықтар

28 ақпан күні Алғыс айту күніне орай аудандық аурухананың мәжіліс залында Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Ақ халатты абзал жандарды ардақтайық» атты кеш ұйымдастырылды.

Біздер Ұзынкөл ФАП қызметкерлері игілікті істі қолға алып , өзара қаржы жинап , көмек көрсету үшін ауылымыздағы аз қамтылған Нуртаев Марстың отбасына барып керекті азық - түліктерін және баласына тәттілер апарып бердік.

Жәнібек аудандық ауруханасында мектеп, балабақша, колледж медбикелерімен Жәнібек аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен «Короновирусты инфекция, тұмау, ОРЗ» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Т.Жароков атындағы орта мектебінде 07.02 күні 9, 10, 11 сынып қыздарына Ақбаян тобының жетекшісі Ибатова Бибітгүлдің ұйымдастыруымен «Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.