28 ақпан күні Алғыс айту күніне орай аудандық аурухананың мәжіліс залында Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Ақ халатты абзал жандарды ардақтайық» атты кеш ұйымдастырылды.

Кеште тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамиева Асем Ерсайынқызы ақ халатты абзал жандарды алғыс айту күнімен құттықтады. Оқушылар ән айтып,күй тартып, би билеп медицина қызметкерлеріне үлкен тосын сый жасап, көңіл күйлерін көтеріп тастады.

Кеш соңында аудандық ауруханасының директордың орынбасарының м.а Е.С.Сарсенгалиев және кадр бөлімінің инспекторы З.Сапарғалиева құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғыс білдірді.