«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

хатына қосымша

 

Анонс

 

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Жасөспірімдік пен жастық шақ жеткіншектің психикалық жағдайы өте нәзік өтпелі кезең болып табылады. Сол себептен олар өмірдің қиындықтары мен сынақтарына, отбасы мен қоғамдық орталарында болатын кикілжіңдерге төзе алмай, өз іштерінде жатқан қайғы-мұңдарды тарқатып айтатын, ақыл-кеңес сұрайтын жан болмай өз өмірлерін қиып жатады. Ал өмірі енді басталып келе жатырған қылшылдаған өмірін жастайынан қиған бұл жеткіншектің сүрер кезеңі әлі алда еді.  Сондықтан оларға кеңес беріп, жол бағыттап, қолдау көрсететін тұлғалар өте қажет. Сол мақсатта жасөспірімдер мен жастар арасында өз өзіне қол жұмсаудың (суицид) алдын алу мақсатында Жәнібек аудандық ауруханасының психолог маманы Л.Ахмурзина мен нарколог-психиатр дәрігері Г.Погульская, Жәнібек аудандық прокуратурадан прокурордың орынбасары А.Кабдрахимов Жәнібек колледжіне, аудан мектептеріне студенттер мен оқушылар арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында мамандар жастарға суицид жөнінде ақпарат беріп, слайдтар мен бейнебаяндар көрсетіп, сұрақтарына жауап қайтарды. Сонымен қатар, ауруханада жұмыс істейтін «Сенім телефоны» жөнінде де ақпарат айтып өтті.