«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

хатына қосымша

 

Анонс

 

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

View the embedded image gallery online at:
https://crbjanibek.kz/kz/osms.html#sigFreeId93f6e68b18

Егер 2021 жылғы қазаннан бастап 2022 жылғы наурызға дейін МӘМС жарналары уақытша төленбеген болса, бірақ 2022 жылдың сәуір айынан бастап төлемдер қалпына келтірілген. Қазір менің мәртебем САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН. Мәртебем САҚТАНДЫРЫЛҒАН болып қашан өзгереді? Тіркеу орны бойынша емханаға жүгіну үшін мәртебемді қалай өзгертемін?  

   

✅Сақтандырылған мәртебесін алу үшін қызметкерде соңғы 12 айда МӘМС жарналары бойынша берешек болмауы тиіс (МӘМС туралы ҚР Заңының 5-бабының 3-тармағы) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405)  немесе  болашақ кезеңдер үшін төлемдер болуы тиіс. 

   

Сондықтан мәртебені алу үшін бірнеше қадамдарды орындау керек 🔽   

   

1️⃣ Берешек кезеңдерін кез келген ыңғайлы тәсілмен тексере аласыз   

  • телеграм-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

2️⃣  МӘМС-ке жарна төлеу жүзеге асырылмаған кезеңдерді бөлу (пациентке жеңілдік санатында болған кезеңдеріне жарна төлеудің қажеті жоқ)    

3️⃣ Өткізіп алған кезеңдерді дербес төлеуші ретінде  (1 ЕТЖ-ның 5%) - 3000 теңге төлеу керек   

Telegram   

SaqtandyrýBot   

Бот Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпарат алуға арналған 

 

‼️ Бір жыл бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін сіз алдыңғы (болашақ) 12 ай үшін төлей аласыз. Мысалы, 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін. Сақтандыру мәртебесі жыл бойы белсенді болады

 

 

Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады?

 

✅ Дербес төлеушілер МӘМС-ке ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. 2022 жылы бұл сома 3000 теңгені құрайды 

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеудің екі балама әдісі бар 

 

1⃣ МӘМС жарналарын ай сайын төлеңіз. Бұл ретте, егер пациенттің алдыңғы 12 ай үшін берешегі болса, оны өтеу қажет 

 

2⃣ Келесі 12 ай үшін жарналарды төлеңіз (ағымдағы күннен бастап). Бұл жағдайда, егер қарыз болса, оны өтеудің қажеті жоқ 

 

📍 Жарналарды кез келген банкте, олардың мобильді қосымшаларында және интернет сервистерінде, "Қазпошта" АҚ және төлем терминалдарында төлеуге болады 

 

 

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған деректемелер ⏬ 

 

шот KZ92009MEDS368609103 

БСН 160440007161 

View the embedded image gallery online at:
https://crbjanibek.kz/kz/osms.html#sigFreeIde3ad15538f

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қандай өзгерістер еңгізілгені туралы

 

2019 жылы жарналар 1,5% мөлшерінде жұмыс берушілердің жалақысы есебінен төленеді. Төлем бойынша шектеулер бар - егер адам ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 еседен астам сомаға табыс алса, онда жарна төлемдері тек 10 ең төменгі жалақы бойынша табыста есептеледі.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.

Қалған азаматтар қашан және қанша төлейді?

2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды, атап айтсақ:

  • балалар;
  • жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

·        осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

  • жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға (бала асырап алуға) байланысты үш жасқа толғанға дейін күтім жасайтын адамдар;
  • мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
  • зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
  • тергеу изоляторларында отырғандар;
  • жұмыс істемейтін оралмандар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

2020 жылдан жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін өз есебінен 2%, жұмыс беруші жалақысынан 1% жарналарды Қорға аударады.

2020 жылдан жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 % төлейді.

2020 жылдан төлемді өз бетінше төлейтін санат, яғни еңбек биржасына тіркелмеген, жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеуі жоқ тұлғалар, ҚР аймағынан шығып шетелде жүрген азаматтар, еш санатқа жатпайтын басқа да жеке тұлғалар ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, бүгінгі таңда ең төменгі жалақы 42 500 тенгені құрап отыр.

         2020 жылдан бастап азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалар есептелген кірістің 1% -ын төлейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық жүйе қосылған күннен бастап 2020 жылдан Қорға түскен қаржы сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет ақысын төленуге жұмсалатын болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ  БҚО бойынша филиалы

 

View the embedded image gallery online at:
https://crbjanibek.kz/kz/osms.html#sigFreeIdf91778cdee