Жаңалықтар

Аудандық аумақтық шекарасымен Қазақстан Республикасы Жәнібек-Ресей Федерациясы аумақтық шекара бөлім арасында короновирустық инфекциясын алдын-алу мақсатында іс-шара өткізілді.

Аудандық орталық аурухана әкімшілігі қариялар күніне орай ауруханада көп жылдар қызмет еткен, қазір зейнет жасындағы бірқатар ардагерлерді құттықтады. Аурухана қызметкерлері ардагерлерге арнап концерттік бағдарлама қойды. Кеште ардагерлердің құрметіне әсем ән қалықтап, ұлттық биден шашу шашылды. Шара барысында сөз алған аудандық орталық аурухананың директоры Сәуле Исмағұлова қарияларды мерекелерімен құттықтап, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлерге аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту бағытында атқарған еселі еңбектері үшін алғысын айтты. Концерттен соң мереке иелеріне арналып шағын дастархан жайылды.

«Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық» дегендей, Жәнібек аудан тұрғындарына медициналық сапалы көмек көрсетуде ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосқан және өздерінің бойындағы шынайы адамгершілік, қарапайымдылық, адамдармен ортақ тіл табысу қасиеттері арқылы әріптестерінің және аудан  жұртшылығының жылы ықыласына ие болған. Науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың  алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарды аудандық орталық ауруханасы ұжымы 9 мамыр- «Ұлы Жеңіске - 70 жыл» мерекесіне орай ардагер зейнеткерлерге құрмет көрсетілді. 

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Бүгін 2017 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының отырысы өтті.