Т.Жароков атындағы орта мектебінде 07.02 күні 9, 10, 11 сынып қыздарына Ақбаян тобының жетекшісі Ибатова Бибітгүлдің ұйымдастыруымен «Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Жиналысқа біраз жылдан бері ұстаз болып келе жатқан, ұл-қыздар тәрбиелеп отырған Нарынова Назым, аудандық ауруханадан отбасын жоспарлау бөлмесінің медбикесі Тлепова Зина, Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің медбикесі Айдашева Армангул қатысты. Жиналыста тақырыпқа байланысты видеолар көрсетілді, жұмбақ кейіпкер өзінің өткен өмірін баяндап берді. Соңында қыздар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға нақты жауаптарын алды.

Жиналыс жақсы деңгейде өткізілді.