«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

Биылғы жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету шараларына Жәнібек аудандық аурухана қызметкерлері де белсенді атсалысуда. Осы бағытта ұжым қызметкерлері өз жалақылары есебінен қаражат жинақтап, аурухана директоры Сәуле Исмагулова оны қолдау ретінде Жақсыбай ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлеріне табыстады.

Өз кезегінде Жақсыбай ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі Берік Байтенов көрсетіліп жатырған көмекке ұжым атынан риясыз алғысын білдіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына толайым табыстар тіледі.