«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

Халық денсаулығын сақтауда – ауруларды алдын алу маңызды рөл атқаратындығы мәлім. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрғындар арасында скринингтік зерттеулер жүргізіліп, азаматтар медициналық бақылаудан өткізілуде. Биылғы жылғы жұмыс жоспарына сай аудандық аурухана қызметкерлері арнайы жабдықталған автобуспен Тау ауылына барып, тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әр ауыл тұрғынының денсаулығы тексеріліп, нысаналы топтағы азаматтар скринингтен өтті. Сол арқылы ауруларды ерте деңгейде анықтауға, науқастарға тиісті емдік шаралар тағайындауға, медициналық көмектің қолжетімділігінің арта түсуіне мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, жылжымалы медицицналық бақылау жүргізу нәтижесінде тұрғындар өз уақыттары мен қаражаттарын үнемдеді.